Әуежайда тексеріс азаяды
Астана әуежайында жолаушыларды тіркеу, оларды отырғызу бойынша жаңа жүйе іске қосылады. Биометриялық сәйкестендіру бойынша бүгіннен бастап, айдың соңына дейін әуежай қызметкері тест режимін қолданады. SITA халықаралық компаниясының мәліметінше, жаңа биометриялық FaceID 10 минут ішінде 240 жолаушыны тексере алады. Қызметкерлердің жұмысы жеңілдеп, уақыт үнемделеді. 2025 жылға дейін Астана әуежайы биометриялық тексеруге толық көшуі мүмкін.
Тойгүл Жұбанысова, Астана халықаралық әуежайының ресми өкілі:
-Біз қазір қазақстандықтардың биометриялық мәліметтерін қолдана алмаймыз. Әзірге. Барлық азаматтың рұқсаты керек. Бірінші тест режиімінде өткіземіз. Одан кейін пилоттық жоба ретінде ішкі рейстерге, одан кейін халықаралық рейстерге сынама ретінде өткіземіз. Одан кейін барлық министрліктермен бірге қатысты жаңа заң жобасын әзірлейміз.