Қазақстандық жобаны көрші ел қолданбақ
Қазақстанда ойлап табылған жасанды интеллект жобасы Өзбекстанға енгізіліп жатыр. Біздің елде сәтті тәжірибеден өткен бағдарлама Ташкенттің емдеу орындарында қолданыла бастады. Оның пайдасын ең әуелі инсультті емдейтін дәрігерлер көрді. Ауру ошағын дәлме-дәл анықтап, қан айналымын тежеп тұрған түйінді табуға көмектесетін бағдарламаның әлемде баламасы аз. Ең танымал түрлерін АҚШ пен Израиль мамандары ойлап тапқан. Ал қазақстандық өнімнің басты ерекшелігі кез келген компьютерлік томография аппаратымен жұмыс істейді. Яғни сезімталдығы жоғары. Бағдарламаның дәрігерлерге берері мол. Мидағы қан айналымын тез қалпына келтіруден бөлек, өзге де сырқат түрлерін анықтауға болады.