«Қазақмыс» компаниясына тиесілі Жайсан кен орнында 2 кенші қаза болды
Жамбыл облысында «Қазақмыс» компаниясына тиесілі Жайсан кен орнында 2 кенші қаза болды. Бүгін таңғы сағат 6:30-дар шамасында 71 мерт тереңдіктегі шахта опырылып, бірнеше адамды тас басып қалған. Салдарынан 21 және 42 жастағы екі кенші оқиға орнында көз жұмды. Олар — вахталық әдіспен жұмыс істеген Ұлытау және Қарағанды облыстарының азаматтары. 44 жұмысшының 42-сі эвокуацияланған. Қазір адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті комиссия тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ақмола облысында 20 тонна жұмыртқа тиелген жүк көлігі көктайғақ салдарынан аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы «Көкшетау-Рузаевка» бағытындағы тас жолды болған. Көліктегі 324 мың дана жұмыртқаның 10% жарылған. Шығын сақтандыру есебінен өтеледі. Жалпы аймақта ауа райының күрт нашарлауына байланысты соңғы аптада 20-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Шығысқазақстандық құтқарушылар қысқа дайындықты пысықтады. Олар ең алдымен Шерп көлігін және батпақта жүруге арналған арнайы техниканы сынақтан өткізді. Омбы қарда жүре алмай, жолда қалғандарды эвакуациялау әдісін көрсетті. Ал сүңгуірлерге мұз астына кеткен көлікті табу міндеті жүктелді. Кинологтар ат құлағы көрінбес боранда адасқан адамды табуға жұмылдырылды. Бұл өңірде қыс ұзақ, әрі жел жиі болады. Былтыр 55 рет дауылды ескерту жарияланып, 200-ге жуық адам құтқарылған.