Петропавлда оқушы сотталды
Петропавлда қатарластарын балталап өлтірмек болған 9-сынып оқушысы сотталды. Естеріңізге салсақ, оқиға ақпан айында нөмірі 4 орта мектепте болған. Давид есімді оқушы сөмкесіне тығып, өзімен бірге ас үйде қолданылатын балта мен пышақты ала келген. Мектепте бетперде киіп, алдынан шыққан үш жасөспірімді жарақаттады. Тергеу барысында күдікті өзін «аурумын» деп кінәсін мойындамаған. Бірақ сараптама қорытындысы оның ақыл-есі дұрыс екенін анықтады. Сот отырысы жабық түрде алқабилердің қатысуымен өтті.
Әбдіқаһар Еркебаев, облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
-Сот Давид Джакиладзені кінәлі деп танып, 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталушыдан жәбірленушілерге 1,5 млн теңге және 3 млн теңге моральдық өтемақы өтелсін.