Атырау облысында зиянды өндіріспен күрес күшейді
Атырау облысында ауаға шығарылатын зиянды заттардың көлемі жыл санап азайып келеді. Мұны аймақ басшысы Серік Шәпкенов Астанада өткен брифингте айтты. Әкімнің сөзінше, өңір экологиясын жақсарту үшін Президент тапсырмасына сәйкес кешенді бағдарлама қабылданған. Оның аясында бірнеше бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Алғашқысы – экологияға тікелей әсер етіп жатқан нысандарды жою. Мәселен, Атырау мұнай өңдеу зауытының иелігіндегі 860 гектар аумақты залалсыздандырып, орнына ағаш егу жоспарланған. Дәл сол сияқты тағы бірнеше лас су алаңы тазартылып жатыр. Одан бөлек 5 жылда 2 800 гектар алқапқа 7 млн көшет отырғызу жоспарланған. Алайда зауыттар әлі де салғырт қарап келеді. Айталық, мұнай өңдеу зауыты ара-тұра заңбұзушылыққа жол береді.
Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:
- Атырау мұнай өңдеу зауытының ішінде ондай фактілер бар орын алған. Біз әр факт бойынша тексеріс жүргіземіз құзырлы органдармен. Экология департаменті бірнеше млн теңгеге айыппұлдар салды. Екіншісі, арнайы бағдарламалар қабылдатқыздық. Оның ішінде қай жерде осы иіс немесе лас заттарды ауаға шығару болып жатыр. Соларды анықтадық.