Астанада Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған конференция өтті
Бүгін Астанада ел тарихында тұңғыш рет бес бірдей облысқа әкім болған көрнекті мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевтың құрметіне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға Парламент депутаттары мен ғылыми-мәдени қауымдастықтың өкілдері қатысты. Конференцияда арнайы түсірілген фильм көрсетіліп, «Өнегелі өмір» сериясында 400 беттік кітаптың тұсауы кесілді. 1 мың дана болып тарайтын естеліктер жинағы кітапханалар арқылы оқырманға жол тартады. Ал жиын қатысушыларына арналған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов оқып берді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
-Бірқатар өңірге және мемлеттік органдарға жетекшілік етіп, парасатты, іскер әрі білікті басшы ретінде танылды. Халықтың ерекше сый-құрметіне бөленді. Қайраткер тұлғаның адами қасиеттері, кәсіби біліктілігі мен адал қызметі - жас мемлекеттік қызметшілерге әрдайым үлгі-өнеге.