Атырау облысында жылыжай өндірісі жанданды. Өңір жаңалықтары
Павлодар Әуежай шағынауданында құрылысы 5 жыл бұрын басталып, жартылай аяқталған үйлер биыл қолданысқа берілетін болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері өңірде аяқсыз қалған барлық құрылыс нысандарын жіті бақылауға алды.
Қарағандылық дәрігерлер 20 науқасқа күрделі операцияларды астаналық әріптестерімен бірге жасайды.
Облыс әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Президенті іс-басқармасының Медициналық орталығы ынтымақтастықты арттыру туралы меморандумға қол қойған. Енді генетик, нейрохирург, онколог және эндокринолог сынды 30-ға жуық білікті маман кеншілер шаһарында 3 күн азаматтарды тегін қабылдайды.
Атырау облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға мүмкіндік туды.
Махамбет ауданында 30 шаруашылық 8 гектардан астам аумаққа қияр, қызанақ еккен. Кәсіпкерлер жылыжай қатарын 2 есе өсіруді жоспарлап отыр. Бұған дейін өңір халқына қажетті өнім Ресей, Иран, Әзербайжан елдерінен тасымалданатын. Енді жергілікті іскер азаматтар мемлекеттің қолдауымен ішкі нарықтың 40%-ін қамтып отыр.