Ауыл шаруашылығы министрлігін қайта құру қажет
Ведомствоның атауын Аграрлық өнеркәсіп министрлігі деп өзгерткен жөн. Бүгін Президент жүктеген міндеттердің орындалу барысын талқылаған сарапшылар осындай пікір айтты. «Себебі министрліктің дәл қазіргі ұстанымымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді 70% жеткізу туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау қиын»,— дейді олар. Елдегі шаруаларға қомақты қолдау жасалып жатса да, мал басының көбейгені өңделген өнімнің өскені шамалы. Нәтижесінде зауыт, фабрикаларға шикізат жетіспей жатыр.
Талғат Қалиев, сарапшы:
-Совет одағы кезінде интенсивный метод деген болатын. Қазір сол бойынша жасап жатырмыз. Сосын субсидияны құйып жатырмыз. Ол ешқандай нәтиже бермей жатыр. Біздің ауыл шаруашылығы дамымай жатыр. Сондықтан қазір жаңадан бір креативті формулалар іздеу керек.