«Бәйтерек» кімге сая болады?
Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» холдингінің саясатын қайта қарауды тапсырды. Үкімет басшысы ең алдымен отандық өндірушілерге қолдауды күшейту керегін айтты. Бұл үшін холдинг қысқа мерзімде сатып алу ережелерін түбегейлі қайта қарауға міндеттелді. Былтыр холдинг қаржысына 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. 3 трлн 800 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, түрлі қызметтер көрсетілген.