Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынына дайындыққа қауырт кіріскен
Былтыр аудан орталығында ондаған үйді су басқан еді. Өңірдегі Жарық және Өтек ауылы да жыл сайын елден оқшау қалады. Су тасқыны жолын шайып, қатынас қыйындайтын. Былтыр бұл ауылдарға асфальт төселіп, қызылсудың арнасына құбырлар салынды. Қазір мердігер көпір астындағы қарды тазартуға кіріскен. Бөгеттерді бекітетін қап, топырақ, көлікке қажет жанармай қоры да бар.