Ақтауда жеміс-жидектерді сақтайтын қойма ашылмақ
Қазақстан-Әзербайжан бірлескен жобаларының бірі Маңғыстау облысында іске асты. Ақтауда жеміс-жидектерді сақтайтын қойма ашылмақ. Онда 16 мұздатқыш камера бар. Әрқайсысының сыйымдылығы - 100 тонна. Қоймада Әзербайжан, Ираннан теңіз арқылы Ақтауға жеткізілген жеміс-жидек сақталады. Логистика орталығы 2016 жылы ашылған. Жоба аясында 50-ге тарта азамат жұмыспен қамтылды. Стратегиялық маңызды нысан арнайы экономикалық аймақта орналасқан. Қазір мұздатқыш камераларды жалға алуға ниетті кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіліп жатыр.