Су тасқыны: Бас прокуратура үш облыста сотқа дейінгі тергеуді бастады
Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында осындай 4 тергеп-тексеру амалы жүріп жатыр. Прокурорлар су нысандарына бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы мен су тасқынының алдын алу жөніндегі жұмыстардың орындалуын тексереді. Елді мекендерді су басу, жолдар мен көпірлердің, гидротехникалық және басқа да нысандардың қирау себептерін анықтайды. Оның қорытындысы бойынша әрбір уәкілетті орган қызметіне тиісті құқықтық баға беріледі.