Жетісу облысында 520 мың га астам жерге дәнді дақыл себіледі
Жетісу облысының дихандары биыл 520 мың гектардан астам жерге дәнді дақыл себеді.
Көктемгі науқан алдында аймақ шаруалары үшін майбұршақ, арпа, жүгері, қант қызылшасын өсірудің тың тәсілі көрсетілді. Ғалымдар дала еңбеккерлеріне отандық және шетелдік тұқым түрлерін таныстырып, олардың ерекшелігі жайлы баяндады.
Сонымен қатар алқапты арамшөп басып кетпеу үшін қолданылатын био препараттар жайлы да мол мағлұмат берілді. Озық техникалар көрмесі ұйымдастырылып, шаруаларға олардың қалай жұмыс істейтіні көрсетілді.
Қалибек Алпысбаев, шаруашылық жетекшісі:
- Қант қызылшасы осы жерде 7 гектардан 28 гектарға қойылған. Оның сыртында екі гектар - өзіміздің отандық өнім. Енді бұл кісілер жаздай осы 30 гектарды күтіп баптайды. Жаз айында дала күнін өткіземіз.
Нұрдәулет Кененбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Семинарды ұйымдастырып отырған негізгі мақсатымыз – ғылыми жетістіктерді ғылым мен өндірісті ұштастыру. Түпкі мақсатымыз – гектар өнімділігін көтеру.