«Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинар өтті
Онда жер-су және идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер атауларын ауыстыру жайы талқыланып, 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы қаралды. Мамандардың айтуынша, өңірде 137 жекеменшік мектеп бар. Биыл тағы 20-сы ашылады. Алайда олар жеке кәсіпкерлік нысан болғандықтан, ат қоярда, ономастикалық комиссияның шешімімен санаспайды.
Дархан Мыңбай, республикалық ономастика комиссиясының мүшесі:
-Егер заң жасайтын болсақ, біз мынау тамыр-таныстық, ура-урамен өтетін нәрселердің бәрінен құтылатын боламыз. Заңға сүйену керек.
Рүстем Әли Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы:
-Өзекті болып, проблема туындап жатқан мәселелердің бірі – жекеменшік мектептер. Жекеменшік мектептердің иелері өзінің ата-бабаларының аттарын қою мақсатында республикалық комиссияның талаптарына қарама-қайшы әрекетке баруда. Бұл бойынша жақын арада бірнеше ұсыныс жүзеге асырылатын болады.