Хабар телеарнасы

Утиль алым мөлшері қайта қарала ма?

Оны азайтуды талап еткен петиция 50 мыңнан астам қол жинады. Заңға сәйкес құзырлы органдар енді өтінішті қарап, жауап беруі керек. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жауап беруге 40 күн уақыт бар деп отыр. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, мәселе жан-жақты сарапталады. Бұған дейін министр утиль алымды алып тастауға бірінші кезекте көлік алыпсатарлары мүдделі деген еді.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
-Мен қазір комиссия қандай шешім шығаратанын алдын ала болжай алмаймын. Бұл жерде барлық тараптың пікірі ескеріліп, қоғамдық тыңдау өткізіледі. Сондай-ақ осы петицияға балама ретінде ұсынылған өнеркәсіпті қолдау туралы өтініш бар екенін де ескеру қажет. Ол да тиісті дауыс жинады. Соның бәрі таразыға салынады.