Хабар телеарнасы

Микроқаржы ұйымдары тарапынан бизнесті қаржыландыру үлесі өсіп келеді

Соңғы 3 жылда микроқаржы ұйымдары тарапынан бизнесті қаржыландыру үлесі өсіп келеді. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді. 3 жылда бизнес секторына бағытталған микронесие 2 есеге өсіп, 1,3 трлн теңгеге жеткен. Олардың ең көп бөлігі, яғни 35% астамы Павлодар мен Қостанай облыстарына тиесілі. Ақша негізінен шикізат өндіру және электр қуатымен жабдықтау саласына жұмсалған. Микронесиелердің 25% ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруға кетсе, 17 және 15% сауда және қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер алған. Берілген несиелердің негізгі бөлігін, яғни 932 млрд теңгені несие серіктестіктері бөлген. Агенттік өкілі атап өткендей, микрокредит ұйымдарының бизнеске несие беруінің көбеюіне, ынталандыру шаралары да себеп болған. 

Олжас Қизатов, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:
-Тәуекел сараптау коэфиценттері деген бар. Сол тәуекел сараптау коэфиценттерді біз қазіргі кезде төмендеттік. 150% 100% дейін төмендеттік. Ол сол төмендеткен мақсатымыз сол коэфиценттер төмендетілсе, сол микроқаржы ұйымдар, сол бизнесті кредиттеуге ынталандырады. Капитал босатылады. Босатылған капиталды микроқаржылық ұйымдар, сол бизнеске кредиттеуге мүмкіншіліктері көбейеді.