IT-Aiel 2.0 жобасына өтінім қабылдау басталды
Жоба қазақстандық әйелдерге цифрлық технологияларды меңгеріп, табыс көзіне айналдыруға септеспек. Өтінім 24 маусымға дейін қабылданады. Қыз-келіншектер білікті мамандардан арнайы бағдарламалау, веб-сайттар мен мобильді қосымшалар жасау, қашықтан жұмыс істеу мен клиенттер табу, әлеуметтік желіде парақшалар жүргізу жәнек халықаралық онлайн-алаңдарда тауарларын сатуға үйренеді. Оқу тегін әрі онлайн өтеді. Оған 18 жасқа толған әйел қатыса алады. Былтыр жобаға 3000-дай өтініш түскен. Сол уақытта бала күтімімен үйде отырған, мамандығы филолог Әлия Оразымбетова қазір кәсібін ауыстырып, табысын үш есе арттырған.
Әлия Оразымбетова, IT-Aiel 1.0 жобасының жеңімпазы:
-Мен қазір өзім роботех компаниясында жұмыс жасаймын. PR менеджермін. Сонымен қатар кейін осы IT-Aiel 1.0 бағдарламасынан кейін өзіме жаңа жұмыс орнын таптым деп айтуға болады. Қазір мен techno women қауымдастығының белсенді мүшесімін. Сонымен қатар өзімнің роботех компания және техновумен екеуі бірлесіп, қазіргі таңда қыздарға арналған robotechnogirls бағдарламасын жүзеге асырып жатырмын.