Хабар телеарнасы

Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми институты қайта жанданды

Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс нәтижесінде Үкіметтің қаулысы қабылданып, аталған институт толыққанды мекеме ретінде қайта құрылды. Кәсіби аурулар ауыр еңбек жағдайы, демалыс режимінің бұзылуы, денсаулыққа зиянды орындардағы жұмыс салдарынан туындайды. Бүгінде кеншілер, металлургтер және өзге де кәсіп иелерін қосқанда жалпы саны 500 мыңнан астам қазақстандық кәсіби дертке шалдыққан. Мәжілісмендер олар күні бүгінге дейін ел қатарлы ем алуы себепті қажетті медициналық қызмет пен әлеуметтік өтемақылардан қағылып келді деп санайды. Институт қайта құрылған соң кәсіби ауруларды терең зерттеп, тиісінше емдеу, техникалық жарақтандыру мен қаржыландыру жолға қойылатын болды.