Хабар телеарнасы

Қостанайда авторлық қадағалау тобының басшысы парамен ұсталды

Қостанайда авторлық қадағалау тобының басшысы 9 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды. Ол «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаторияларды салып жатқан компания өкілін бопсалаған. Жұмыс актілеріне және пайдалануға беру құжатына қол қойғаны үшін сыйақы талап еткен. 

Рүстем Қазбек, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі:
-Заңсыз алған сыйақысы денсаулық сақтау нысандары құрылысы сомасының бір проценті екен. Ал оның жалпы құны бір миллиард теңгеге жуық. Тергеу шаралары барысында күдікті ақша алған жерінде ұсталды. Қылмыстық Кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпаратты жариялауға болмайды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.