Хабар телеарнасы

Семейде жедел медициналық жәрдем ауруханасы жөндеуді қажет етеді

Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасының жертөлесі жаңбыр жауған сайын суға толып кетеді. Жергілікті билік хабардар. Алайда мәселе шешілер емес. Дәрігерлер Парламент Сенатының депутаты Айнұр Арғынбековаға шағымдарын жеткізді. Бұған қоса қала шетінде тұратын медицина қызметкерлерінің қоғамдық көлік қатынасына көңілі толмайды. Олар жұмыстан қайтарда сағаттап автобус күтуге мәжбүр. Сенатор халықты мазалаған мәселелерді назарға алынатынын жеткізді.

Айнұр Арғынбекова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Қоғамдық көлік пен көшедегі жарық мәселесіне қатысты көп шағым айтылды. Тұрғындардың базынасы назардан тыс қалмайды. Өңірдегі денсаулық сақтау саласында да түйткілдер аз емес. Бірақ оларды шешуге атсалысамыз. Облыс әкімдігімен бірлесіп жұмыс істейміз.