Ақтауда теңіз суын тұщытатын зауытта жаңа қондырғы іске қосылды
Озық үлгідегі технологияның көмегімен тәулігіне 5 мың текше метр ауызсу өндіріледі. Жоспар бойынша келер айда тағы бірнеше қондырғы қолданысқа берілуі тиіс. Осылайша зауыттың өндірістік қуатын екі есе, яғни 40 мың текше метрге ұлғайту жоспарланған. Бұл қаладағы ауызсу тапшылығы мәселесін шешуге сеп болмақ.
Нұрлыбай Аққұлов, су тұщыту зауытының директоры:
-Зауыттың қазіргі қуаты тәулігіне 20 мың текше метр болса, қосымша 5 мың текше метрді қосайын деп жатырмыз. Өйткені бұл жаңғырту жобасындағы қосылатын қондырғылардың алғашқысы. Жалпы тамыз айының аяғына дейін қалған қондырғылардың барлығын іске қосып зауыттың қуатын екі есеге көтеретін жоспарымыз бар.