Шымкентте екі қалалық емхана мемлекет меншігіне қайтарылды
45 мыңнан аса адам тіркелген медициналық мекемелер 2021 жылы жеке кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға берілген. Олар материалдық базаны жаңартып, жөндеу жүргізуі керек еді. Бірақ міндеттемелер толық орындалмаған. Сапалы медициналық қызмет көрсетілмегендіктен, емхана жұмысына науқастар да жиі шағымданған. Мекемеге қажетті жаңа жабдықтар қазына қаржысы есебінен сатып алынды.
Фарида Қалдыбекова, қалалық №13 емхананың бөлім меңгерушісі:
- Қызметкерлердің жалақысын көтереміз деп уәде етті. Мысалы, дәрігерлерге айына жарты миллион теңге төлейтінін айтты. Түрлі жабдықтар әкелуге де сөз берген. Бірақ ештеңе жоқ.
Нұрлыбек Асылбеков, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Келісімшарттағы олардың жасайтын инвестициялық құюлары сол уақытылы болмаған, соған байланысты тиісті медициналық жабдықтар жаңадан алынбаған. Кейбіреу жағы тозығы жетіп, ол жөнделмеген. Осыған байланысты осындай шешімдер қабылданып, жаңағы емханалар мемлекетке қайтарылды.