Хабар телеарнасы

Қостанай облысында енді жол қауіпсіздігі әуеден бақыланады

Ол үшін тәртіп сақшылары арнайы ұшу қондырғыларын қолданып жатыр. Әсіресе жол апаты жиі болатын республикалық тасжолдарға баса көңіл бөлінген.

Екі күн ішінде дрондардың көмегімен қарсы жолаққа шыққан 6 жүргізуші ұсталды. Олар жүргізуші куәлігінен алты айға айырылуы мүмкін. Тәжірибе түрінде енгізілген жоба жемісін берсе, қосымша дрондар сатып алынады.

Алексей Милюк, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:

- Оператор осындай қондырғылар арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтайды. Бейнетүсірілім бірден тәртіп сақшыларына жіберіледі. Содан кейін темір тұлпар тізгіндеушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.