Хабар телеарнасы

СҚО-да орақ науқаны кезінде 46 элеватор жұмыс істейді

Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны кезінде 46 элеватор жұмыс істейді. Олардың жалпы сыйымдылығы 3 млн тоннадан асады. Биыл бұл кәсіпорындарға бидайды сақтап, кептіруге Үкіметтен арзан бағамен қосымша жанар-жағармай бөлінді. Одан бөлек, кейбір шаруашылықтарда жеке астық қабылдау орны бар. Өңірде күзгі дала жұмыстарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылған. Қазір облыс бойынша 3 млн тоннаға жуық өнім жиналды. Егіс алқаптарында 7 мың комбайн жүр.

Ерсайын Досымбетов, ҚР АШМ Егіншілік департаментінің бас сарапшысы:
-СҚО-ның енді анау жалпы қуаттылығы 6,9 млн. Ол мынау кіші хозяйстволарды қосқан кездегі жалпы осы 6,9 млн тоннаны сақтауға, сонымен қабылдауға мүмкіндігі бар. Облыс әкімдіктерінде сол астық қабылдау кәсіпорындарының күні-түні жұмыс істеуіне және тарифтерінің өспеуіне тиісті тапсырмалар берілді.