Хабар телеарнасы

Халықтық штаб атыраулықтармен АЭС бойынша кездесті

Халықтық штаб Атырау тұрғындарымен АЭС бойынша кездесті. Себебі Атырау облысы Ресейден жеткізілетін энергияға тәуелді. Жауаптылардың айтуынша, бұл қаржылық шығындарды көбейткен. Ал жуырда батыс өңірінде бірыңғай энергия жүйесіне қосу жұмысы басталады. Одан бөлек, жергілікті кәсіпкерлер де, энергия тапшылығы жаңа технологияларды пайдалануға мүмкіндік бермей жатқанын айтады. 

Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:
-Жалпы Атырау өңіріне келген себебіміз, осы энергетика саласындағы жаңалықтармен халықты таныстыру. Ол кісілердің де ой-пікірін тыңдау. Өздері 6 қазанда шешім қабылдай жатар.