Ел аумағында дауыс беруге арналған 10 мың 323 учаске жұмыс істейді
Ел аумағында дауыс беруге арналған 10 мың 323 учаске жұмыс істейді. Оның 74-і 59 мемлекетте орналасқан. Бас-аяғы 12 млн астам қазақстандық дауыс беруге құқылы.
Айтып өткеніміздей, арасында шетелде жүрген 12 мыңнан астам отандасымыз да бар. Сондай-ақ референдум барысын 30 мемлекеттен келген 177 байқаушы бақылап жатыр.