Хабар телеарнасы

Жүктілік бойынша есепке ерте тұратын келіншектердің саны 40% артқан

Жүктілік бойынша есепке ерте тұратын келіншектердің саны 40% артқан. Биыл 270 мың әйел тіркелсе, оның 61% жүктіліктің 10-шы аптасына дейін есепке алынған. Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенованың айтуынша, жүкті әйелдерді перинаталды скринингтен өткізу де жиілеген. Бұл сәбидің дамуында ауытқудың бар-жоғын ерте анықтау үшін маңызды. «Бірақ дені сау ұрпақты дүниеге әкелемін дейтін аналар алдымен жүктілікті дұрыс жоспарлаудан бастауға тиіс»,– дейді ақ халаттылар.

Гүлшара Әбілдинова, ҚР ДСМ бас штаттан тыс генетигі:

-Жүктілікті жоспарламаймын деген ерлі-зайыптылар 3 ай бұрын фолий қышқылын қабылдауы қажет. Бұл әйелге ғана емес, ерге де керек. Өйткені елімізде туып жатқан шақалақтардың даму ақаулары дәл осы фолат жетіспеуінен болады.