Елімізде азық-түлік өндірісі артып келеді
Биыл 9 айда 2,5 трлн теңгеге жуық азық-түлік тауарлары өндірілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы жыл сайын өсім көрсетіп келеді.
Елдегі ұн өндірісі 3,2 млн тоннаға жетіп, ішкі тұтынудан асып түсті және экспорттау көлемі бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірін алып отыр. Сонымен қатар қант қызылшасын өсіруге арналған ауылшаруашылық техникасын сатып алуға субсидия мөлшері 25-тен 50%-ға дейін көтерілді. Және елімізде қант өндірісін ұлғайту мақсатында қосымша 2 зауыт салу мәселесі қарастырылып жатыр.
Назгүл Хатепова, ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры:
- Биыл біз егіс алқаптарын 25 мың гектарға дейін кеңейтілді, орташа өнімділік 436 тоннаға дейін жеткізілді. Биыл 1,2 млн тоннаға жуық қант қызылшасын жинау жоспарланып отыр. 120 мың тоннаға жуық қант өндіреміз деп жоспарлап отырмыз.