Банк картасынан ақшаңызды алып үлгердіңіз бе?
«8-10 қараша күндері банктер істемейді, оған дейін картадағы ақшаларыңызды алып үлгеріңіздер», - деген хабарламалар әлеуметтік желілерде тараған болатын. Осыған байланысты еліміздің Ұлттық Банкі түсініктеме берді.
Бас қаржылық ұйым мәлімдегендей техникалық жұмыстарға байланысты банкаралық қызметтерде төлем қабылдауда қысқа мерзімді өзгерістер болатынын атап өтті. Әдеттегі аударымдар мен төлемдер өзгермейді.
ҚР Ұлттық Банкінің мәлімдемесі:
- Қазақстан Ұлттық Банкі екінші деңгейлі банктермен бірлесе отырып, еліміздің төлем жүйелеріне ISO 20022 төлем хабарламаларының халықаралық форматын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар карточкалық төлемдерге әсер етпейді. Осылайша, халықтың төлем карталарын, QR кодтарын, мобильді аударымдарды, банкоматтардан қолма-қол ақшаны алуды, ұялы байланыс төлемдерін және т.б. пайдалана отырып төлемдері өзгеріссіз қалады.