Хабар телеарнасы

Мәжілісте жаңа тәсілмен сайланған әкімдердің жұмыс тәжірибесі талқыланды

Бүгін Мәжілісте жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері мен жаңа тәсілмен сайланған аудан, ауыл әкімдерінің жұмыс тәжірибесі талқыланды. 2021 жылдан бері барлығы екі жарым мыңға жуық ауыл әкімі сайланды. Қоғамдық палата отырысында осы реформаға қатысты түйткілді мәселелер талқыланды. Ашығын айтқанда әкімдердің өкілеттіктері әлі де шектеулі, бюджет тапшылығы да бар. Оған қоса көп жағдайда жаңа әкімдер маңызды шешімдерді облыстық немесе республикалық құрылымдармен келісуге мәжбүр. Бұл көп уақытты қажет етеді. Сондай-ақ жергілікті әкімдіктерде менеджмент, қаржы және экономика салаларында кәсіби мамандар тапшы. Содан жергілікті жерлерде жан-жақты талданған, экономикалық тұрғыдан тиімді жобаларды іске асыру қиын.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әкімдерді сайлау бойынша алғашқы кезеңді өттік. Енді аралық қорытындыдан кемшіліктерді анықтап оны түзеуге қам жасалуда. Мұндай талқылаудың мәжілісте өтуінің өзіндік мәні бар. Қажетінше заңдық түзетулер енгізіп, құқытық қолдау жасасақ дейміз. Жағдайды толық түсіну үшін жиынға сарапшылар, жаңадан сайланған әкімдерде қатысуда. Аймақта отырғандарды онлайн түрде тыңдаудамыз.