Хабар телеарнасы

Балалар құқығын қорғау мәселелері талқыланды

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясын бекіткеніне 30 жыл. Бұл құжат – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ратификациялаған алғашқы халықаралық шарттардың бірі. Бүгін Сенат пен ЮНИСЕФ бірлесіп арнайы іс-шара ұйымдастырды. Онда балалардың білім беру сапасын жақсарту және инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Аталмыш ұйым алдағы уақытта да бұл саладағы реформаларды қолдауға дайын. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресте тұрақты ілгерілетіп келеді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

-Елімізде балаларды қорғауға Конституциямен кепілдік берілген. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау, олардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мәселелеріне үнемі баса мән беріп келе жатыр. Сондықтан бұл сала еліміз үшін әрдайым басты назарда. Алдағы уақытта біз Юнисефпен жан-жақты өзара іс-қимылымызды одан әрі арттыра түсуге дайынбыз. Осы уақытта нәтижелі еңбек етеміз.