Жетісу облысындағы обалардан алтын әшекейлер табылды
Жетісу облысындағы обалардан алтын әшекейлер табылды. Мұндай зергерлік заттар, қыш құмыралар, жануарлардың сүйегінен ойылған айдаһар, қола бұйымдар Талдықорған маңындағы Дауылбай қорымынан былтыр да қазып алынған еді. Көне жәдігерлер ерте темір дәуіріне жатады. Олар негізінен аң стилінде жасалған. Мәселен, асыл тастармен безендірілген тауешкі мүсінді сырғаның үстінде тәж тұр. «Бұл бұйымдар «Алтын адамның» бөлшектері болуы мүмкін. Дегенмен болжам кешенді зерттеуді қажет етеді. Себебі обалар сол заманда тоналған»,– дейді археологтар.
Досбол Байғұнақов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
-Жетісу өңірі сақ мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі болғанын нақты көрсетеді. Біздің ойымызша барлық заттар, жергілікті халықтың жергілікті кен орындарынан жасалған туындылары болып табылады.