Қыз алып қашатындарға қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет
Қыз алып қашатындарға қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет. Мәжіліс депутаттары ондайлардың әрекетіне заңмен тосқауыл қоюдың бірнеше жолын ұсынды. Мәселен, қыз алып қашуды ән арқылы насихаттап жүрген өнер иелерін сынға алды. Ондай өлеңдер бізде баршылық. «Мұндай контентке тыйым салу керек»,– дейді. Шынында да қыз алып қашу қоғамдағы үлкен дерт. «Бұл мәселеге тек моральдық тұрғыдан емес, заң тұрғысынан де баға берілуі тиіс»,– деді Мәжіліс төрағасы. Ерлан Қошанов бұл мәселе алдағы отырыстарда жеке талқылауға лайық екенін айтты.