Хабар телеарнасы

Атырауда қараусыз жүрген мал айып тұрағына қамалады

Атыраудың тәртіп сақшылары қала көшелерінде қараусыз жүрген малды қамай бастады. Төрт түлік облыс орталығын ластаумен қатар жол қозғалысына кедергі келтірген. Малын дұрыс қарамай, бос жібере салған тұрғындарға қанша айыппұл салынады?

Тілсіз хайуан қала тәртібін білмес. Бірақ бетімен жіберуге егесінің құқығы жоқ. Атырау қаласының шетіндегі мал базары қараусыз жүретін төрт түліктің «түрмесіне» айналып барады.

Аманжол Хайруллин, мал базарының әкімшісі:

- Жергілікті полиция бөлімімен келісімшартқа отырып, мына көшеде жүрген «безхозный» малдарды әкеліп қамаймыз осында. Біздер олардың жем-шөбімен бағып отырмамыз осында. Жақында 7 бас мал әкелді. 

Жыл басынан бері малды қараусыз қалдырған 519 адам жауапкершілікке тартылған. Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408-бабы бойынша жергілікрғанті органдар бекіткен ауыл шаруашылығы малдарын жайылымда ұстау ережелерін бұзғаны үшін 3-10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Жеңіс Бозаев, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы:

- Қазіргі таңда Атырау қаласында 2 мал ұстау орны белгіленген, жергілікті әкімшілікпен. Иелері анықталғанға дейін осында қамауда болады. Сосын иесі анықталғаннан кейін полиция қызметкерлері міндетті түрде иесіне әкімшілік хаттама жасақталып, мал иелеріне қайтарылады. Малға кеткен шығын осы келісімшарт арқылы иесінен өндіріледі. 

Жыл басынан бері малын қараусыз жіберген азаматтарға 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Бұған қоса, төрт түлігі қала көшелеріне кіріп, жасыл желектерге залал келтіргені үшін 158 хаттама толтырылған. Мал иелері 1,3 миллион теңге көлемінде өтемақы төлейді. Алайда айыппұлмен мәселе шешілер емес. Халық бақташыға ақы­сын төлеп, бақ­тырса, қараусыз төрт түлік азаяр еді. Мал ұрлығы да болмас еді.

Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин