Тараз қаласы екі әкімшілік ауданға бөлінеді
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев айтты. Оның сөзінше, халық саны 400 мыңнан асса, облыстық орталықта екі аудан құрылуы керек. Заңда сондай талап бар. Ал қазір Тараз қаласының тұрғындары 430 мыңнан асқан. Жақында Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданды. Енді мәслихатпен бірігіп, әкімдік шешім шығарғаннан кейін Таразда 2 әкімшілік аудан болады.
Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:
- Не себепті екі ауданға бөліп жатыр? Қазақстанды алатын болсақ, Алматыда 8 аудан, Астанада, Шымкент қаласында 5 ауданнан, Ақтөбе мен Қарағандыны алатын болсақ, 2 ауданнан. Қала өскен сайын ауданға бөлу – ол көрсетілетін қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.