Енді тек бір жерде шығарылатын, өзіндік тарихы бар өнім заңмен қорғалады
Енді тек бір жерде шығарылатын, өзіндік тарихы бар өнім заңмен қорғалады. Қазақстан заңнамасына жаңа зияткерлік меншік объектісі енгізілді. Соның арқасында енді өндірушілер өз өңірінде ғана шығатын өнімді ұлттық бренд ретінде дамытуға мүмкіндік алады. Бұл туралы Әділет министрлігі мәлімдеді. Географиялық нұсқама әр өңірде өндірілетін тауарлардың әлемдік нарықта танымалдылығын, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және туристік саланы дамытуға ықпал етпек. Жаңа тіркеудің қатарында елімізде түйе сүтінен жасалған Арал сабыны, Қызылорда күріші, Нарынқол картобы, Көкшетау балмұздағы, Катонқарағай табиғи балы, Алакөл балығы сияқты түрлі өнімдер бар.
Ботагөз Жақселекова, ҚР Әділет вице-министрі:
-Сондай-ақ биыл Марракеш келісімін ратификациялау туралы Заң жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта заңның екі жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында. Құжат көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған жұмыстарға қол жеткізу, тауар белгілерін жедел тіркеуді енгізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызмет салаларын ажырату бойынша түзетулерді қамтиды.