9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
Жемқорлықпен күрес алдымен адамның ішкі принциптерінен басталуы керек. Әр азамат теріс әрекеттен бойын аулақ ұстап, адалдықты ұстанса, қоғамда жемқорлық азаяды.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Алматы – адалдық алаңы» жобасы аясында жоғары оқу орындарының студенттері үшін лекция ұйымдастырылды. Мақсат – жастар арасында коррупцияға қарсы төзімсіздікті қалыптастыру, академиялық адалдықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау. Жемқорлықпен күрес студенттер үшін маңызды. Себебі жоғары оқу орындарында білім алу мен еңбек ету барысындағы әділдік студенттердің болашағына тікелей әсер етеді, - дейді ұйымдастырушылар.
Сыбайластық құқықбұзушылық қана емес, білім беру сапасына нұқсан келтіріп, жастардың кәсіби дамуына кедергі жасайтын әрекет.
Шолпан Ризабекова, заңгер, сарапшы:
- Жастардың алдарына қойып отырғандарымыз – күресу керек, егер біз қазіргі уақыттта соны жеткізіп, ашық түрде айтып, қылмыстың әрекеттері жаман болу ықтималдығын беріп отыратын болса, әлбетте әрбір азамат өзінің құқы мен міндеттемесін біле отырып, жауапкершілікке тартылатынын білу керек.