Әлеуметтік инспекторлардың құзыреті артпақ
Әлеуметтік төлемдер уақытылы төленіп жүр ме? Дұрыс тағайындалған ба? 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар еліміздің бірнеше мемлекеттік мекемесіне тексеру жүргізуді бастайды. 111 мемлекеттік инспектордан құралған топ соңғы 11 айда 2,5 мыңнан астам тексеру жүргізген. Нәтижесінде қызмет көрсетушілерге мыңға жуық ұйғарым беріп, 215 млн теңгеден астам сомаға 961 айыппұл салған. «Дені, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустар мен санитарлық-тұрмыстық бөлменің талапқа сай болмауында», - дейді мамандар. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көрсетілетін қызмет түрлерін арттыру мақсатында енді оларға қызмет көрсететін мекемелерді лицензиялау басталады. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасының артуына сеп болмақ.
Төлеген Оспанқұлов, ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:
- Бұл мекемелердің барлығы қазір госзаказ есебінде жылда, жылдың басында госзаказ ұтып алады да, сөйтіп жылдың аяғына дейін сол госзаказдың төңірегінде жұмыстарын істей береді. Ал енді біз қазір подушево финансирование дегенді енгізіп отырмыз. Ол енді госзаказ емес. Сондықтан әр мекеме ай сайын кәдімгі адамдарына көрсеткен қызметіне байланысты соған ғана ақша алып отырады.