Әзербайжан премьер-министрі ұшақ апатынан қаза болған қазақстандықтардың жақындарына көңіл айтты
Әзербайжан Премьер-министрі Әли Асадов ұшақ апатынан қаза болған Қазақстан азаматтарының жақындарына көңіл айтты. Қазақстан елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Ол Қазақстан тарапынан көрсетілген жедел әрекет пен қолдауды жоғары бағалап, алғысын білдірді. Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел Премьер-Министрдің сапары үшін ризашылығын білдіріп, бұл қайғылы оқиға екі елдің бауырластық қарым-қатынасын тағы бір мәрте дәлелдегенін айтты.