Батыс аймақтары бірыңғай электр энергетика жүйесіне қосылады
Батыста электр желілерін Бірыңғай электр энергетикалық жүйемен біріктіру жобасы іске асырылады.
2028-ші жылдың соңына дейін Ақтөбе және Атырау облыстарын жалғайтын 604 шақырым, қуаттылығы 500 кВ болатын электр желісі қолданысқа беріледі. Биылдан бастап құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады. Ал 2027 жылы Шу–Жамбыл–Шымкент бағыты бойынша 475 шақырым болатын әуе желісі іске қосылады. Қуаттылығы - 500 кВ. Бұл оңтүстік өңірлердегі тұтынушылар мәселесін едәуір шешеді,- дейді жауапты министрлік өкілдері.
Одан бөлек, еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлері арасындағы байланысты одан әрі күшейтіп, тұрақты ток желілерін салу жоспарланып отыр. Қуаттылығын 500 кВ-қа жеткізбек. Ал батыс және оңтүстік аймағын жалғайтын тұрақты ток желісін салу қаншалықты тиімді екені зерделеніп жатыр.