Маңғыстау облысында 35 тұрғын үй кешені заңсыз салынған деп танылды
Маңғыстау облысында 35 тұрғын үй кешені заңсыз салынған деп танылды. Екеуі Жаңаөзен қаласында, қалғаны Ақтауда бой көтерген. Оларды сүру жөнінде сот шешімі шығып, былтыр 5 тұрғын үй бұзылған. Ал өзге нысандарға қаржы салған салымшылардың мүддесін қорғау үшін облыс әкімдігі жанынан ведомствоаралық комиссия құрылды. Егер мердігер компания нысанның қауіпсіз екенін дәлелдеп, тұрғындармен медиативтік келісімге келетін болса, құрылыс жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік беріледі. Бүгінде комиссия 15 көпқабатты үйге қатысты оң шешім қабылдады. Қалғандары тексеріліп жатыр.
Қуандық Аманқосұлы, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысы:
-Бәрі де шешімі шығып тұрған обьектілер болғаннан кейін 15-ін МВК-мен қарап, ведомствоаралық комиссияның құрамында тиісті мемлекеттік органдар бар. Тұрғын үй заңсыз екені анықталғаннан кейін біздер, басқармадан жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Сәйкесінше, тиісті нұсқама беріледі. Құжаттарды рәсімдеу үшін.