Хабар телеарнасы

Сот жүйесінде кадр тапшылығы бар

Сот жүйесінде кадр тапшылығы бар. Сондықтан Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі Академиясының магистратурасына талапкерлер қажет. Білім грантына биыл 100 орын беріліп отыр. «Бұрындары мемлекеттік тапсырыс саны 60-тан аспайтын»,– дейді академияның вице-ректоры Қанат Мусин. Академияға құжат қабылдау 1 маусым мен 29 шілде арасында жүзеге асырылады. Емтихан үш кезеңнен өтеді. Талапкер алдымен Ұлттық тестілеу орталығы базасында өткізілетін кешенді тест тапсырады, одан кейін Академия қабырғасында мамандық бойынша тапсырмаларды орындап, эссе жазады. Судья болғысы келетіндерге қойылатын талап та бар.

Ержан Егембердиев, ҚР Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот төрелігі академиясының ғылыми-білім беру орталығының директоры:

-Негізгі үш талабы бар. Бірінші жаңағы жасына байланысты 29 жас. Екінші, біліміне байланысты жоғарғы заң білімі болу керек. Үшінші талап, жаңағы заң саласындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл болу керек. Бізде жаңағы бір жас және бір жыл өтілі кемдеу. Себебі бір жыл академияда оқиды. Сол академиядағы оқуы есептеледі. Заң біліміне де және жасы да тиісінше қосылады дегендей.