Хабар телеарнасы

«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі 15 ақпанға дейін жалғасады

Елордада өтіп жатқан ауқымды «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі 15-ші ақпанға дейін жалғасады. Қатысушылар техникалық білім беру саласындағы жаңа технологиялармен танысып, жұмыс берушілермен кездесу өткізіп жатыр. Одан бөлек, заман талабына сай пайда болған жаңа мамандықтармен танысуда. Сондай-ақ отандық оқу орындарының шетелдік білім беру ұйымдарымен әріптестікті арттыруға мүмкіндігі бар. Мәселен, Жетісудегі оқу ордасы қытайлық әріптестерімен тәжірибе алмасып, IT, дрон құрастыру бойынша жаңа мамандарды даярлауға кіріседі. Жаңа оқу жылында білім ордасы 50 талапкерді қабылдауға дайын. Түлектер 10 айда дрон құрастырып, қауіпсіз басқаруды меңгерген оператор маманы болып шығады. 

Шыңғыс Нұрқожаев, жоғарғы политехникалық колледждің директоры:

-Жетісу өңірінің ауыл шаруашылығына қажеттілігін орай қазіргі таңда қашықтықтан басқарылатын авиация мамандығын аштық. Осы мақсатта Қытайдың Vision Robotics команиясымен бірлесе отырып, агродрон операторларын дайындау жұмыстарын дайындап жатырмыз. Осылайша агро саласының цифрландыруға үлес қосудамыз.