Енді тұрмыстық жанжалдардан туындайтын заңбұзушылықпен арнайы құрылған бөлімше айналысады. Мұны Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Әкімшілік полиция комитетінің құрылымында отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасы жұмысын бастайды. Жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам хабарлама түседі. Биыл қаңтар айында 10 мың жанжалқой әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 2,7 мыңы қамауға алынған.
Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы:
-Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау мақсатында полиция қызметкерлері 10 мыңға жуық қорғау нұсқамасын шығарды. Бүгінгі таңда елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсететін 74 дағдарыс орталығы жұмыс істейді.