Қазақ опера әншісі әлемдік сахнаны бағындырды

  • 41
  • 28.07.2025, 18:38

Қазақстандық опера әншісі Айгерім Алтынбек Италия сахнасын бағындырды. Ол Портофино қаласында өткен XI Халықаралық CLIP 2025 байқауында 4 бірдей жүлдені иеленді. Бірінші орынды жеңіп алған жерлесіміз «Үздік әйел дауысы» атағын, көрермендер көзайымы сыйлығын және музыкалық сыншы Карло Майердің арнайы марапатын да алды.

Қазылар алқасы байқау басталған сәттен-ақ оның өнеріне бірауыздан жоғары баға берген. Бұл Қазақстан операсы үшін тарихи жеңіс.

Еске сала кетейік, Concorso Lirico Internazionale di Portofino жыл сайын өтетін әлемдегі ең беделді вокалдық байқаулардың бірі. Биыл оған қатысуға әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық өтінім түскен.