ШҚО-да тұңғыш әскери театр ашылды

  • 42
  • 26.11.2025, 19:33

Еліміздегі тұңғыш әскери театр Шығыс Қазақстан облысында ашылды. Ұлттық Ұланның Шығыс өңірлік қолбасшылығының жауынгерлерінен құралған өнер ұжымы сахнадағы алғашқы қадамын «Ант» драмалық қойылымымен бастады. Премьерада жан-жақтан жиналған жастардың әскери өмірге бейімделуі, жауапсыз махаббат, анаға, туған жерге деген сағыныш сипатталған. Дегенмен басты мақсат Отан алдындағы борышты өтеу мәртебелі міндет екенін насихаттау. Мұндай ерекше театр құруға сарбаздар қатарында шығармашылыққа жақын жандардың топтасуы түрткі болыпты. Осы 5518 әскери бөлімінде бірнеше театрда жұмыс істеген және телесериалдарға түскен жігіттер көп. Әскери театр енді өзге облыстарға гастрольдік сапарға шығуды жоспарлап отыр.

Рамазан Өмірзақ, 5518 әскери бөлімінің сарбазы:

-Сәл талантты, таланты бар ау шығады ау деген солдаттарды жинап алдық та содан соң еркіндік бердік. Бұл жерде өмір бар әскердің өмірі, солдаттар өзін ойнайды, мен де өзімді ойнаймын, бүкіл сарбаз өздерін ойнайды, шынайылық бар бұл жерде.
 

Арман Сейітов, Ұлттық Ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары:

-Әскер бұл тек жауынгерлік тапсырмалар мен ерлік жасайтын жер ғана емес. Мұнда нағыз қарбалас өмір бар. Біздің жігіттер театрдан бөлек, көңілді тапқырлар клубында да ойнайды, спорттық сайыстардан да қалыспайды.