Айт намазының кестесі жарияланды

  • 9
  • 17.03.2026, 21:50

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айт намазының уақытын жариялады. Құлшылықтың бұл түрі әр аймақта күннің шығуына байланысты әртүрлі уақытта оқылады. Мәселен, Алматы мен Абай облысы тұрғындары үшін Айт намазы таңғы 7-де басталса Астана, Шымкент және бірқатар өңірлерде 7:15-ке сәйкес келеді. Қостанай, Қызылорда және Ұлытау облыстары үшін уақыты 7:30 деп көрсетілген. Ал батыс өңірлерде намаз уақыты бойынша бір сағат айырмашылық бар. Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында айт намазы сағат 8:30-да оқылады. Биыл Ораза Айт мерекесі 20 наурызға сәйкес келеді.