Хабар телеарнасы

«EL ARNA» телеарнасының YouTube желісіндегі ресми аккаунты «Күміс батырмаға» ие болды

«EL ARNA» телеарнасының YouTube желісіндегі ресми аккаунты «Күміс батырмаға» ие болды

Былтыр қараша айында жазылушылар саны белгілі межеге жетіп, бүгін YouTube видеохостингінің марапатын қоржынына салды.

Ресми каналда «Алтыншы бекет» фильмінің түсірілім барысы (215 924 қаралым) және осы туындыда басты рольді сомдаған Ербол Отарбаевпен сұхбат (129 438 қаралым) ең көп қаралым жинаған. Бұл тізімде, сондай-ақ, «Культурная жизнь», «Мудрость веков» бағдарламаларының шығарылымдары мен «Томирис» трагедиясы да бар.

Сонымен қатар «EL ARNA» каналынан телесабақтар күнделікті онлайн көрсетіліп, желіге жүктелуде. Барлық телесабақты мына сілтемелер арқылы таба аласыз:

https://www.youtube.com/playlist?list=PLDIwNJYcIQ77fZ7Tqrb5myYpNtQbhnA4p

https://www.youtube.com/playlist?list=PLDIwNJYcIQ7566-5ExSnIls6rRjUErbfo

Айта кетейік, «Күміс батырма» желіде 100 мыңнан астам жазылушысы бар арналарға табысталады.

Ал EL ARNA үшін келесі меже – «Алтын батырма», яғни ресми аккаунтқа жазылушылар санын миллионға жеткізу.

EL ARNA көрермендерін алдағы уақытта да қызықты сұхбаттармен, деректі жобалармен және қойылым-спектакльдерімен қуанта бермек.

Ендеше Сіз де EL ARNA YouTube каналына жазылып, ұсынылған бағдарламаларды онлайн және тегін тамашалаңыз!

Еске сала кетейік, 2020 жылдың қараша айында "Хабар" Агенттігінің YouTube желісіндегі каналдары табыс көлемі бойынша телеарналардың арасында көш бастады.