20 қазан – Ақмола ел астанасы деп жарияланған күн
Ал екі аптадан кейін қалаға еліміздің мемлекеттік рәміздерінің эталондары келді. Жарлыққа сәйкес, Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан тәуелсіз мемлекетіміздің елордасы мәртебесіне ие болды.
Тарих үшін аз ғана уақыт ішінде Сарыарқа төріндегі, Еуразия жүрегіндегі жас шаһарда халықаралық ұйымдардың саммиттері, УЕФА конгресі, «EXPO – 2017» көрмесі, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтті.