«Келінжан-2» толықметражды фильмі прокатқа шығады
Көрермен асыға күткен «Келінжан -2» комедиясы үлкен экранға жол тартады. Алматы облысы Бақбақты ауылында басталған туындының толықметражды фильмі Аққайнар ауылында түсірілген. Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, өмір мен өлім жайында ойларды жақсы әзілмен жеткізуге тырысқан. Продюсердің айтуынша, бұл туындыда аты шулы Айсараның актерлық рөлі басым. Бірақ оны монтаж барысында байқаған. Қызыққа толы комедияны 19 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көре аласыздар. Еске сала кетейік, «Келінжан» телехикаясы халықаралық дистрибуцияда үлкен сұранысқа ие. Youtubе-та 300 миллионға жуық көрермен тамашалады. Ал бесінші маусымның өзі аз ғана уақытта 51 миллионға тарта қаралым жинаған.
Гүлнұр Мамасарипова, «Келінжан» фильмінің бас продюсері:
-Дәстүрден таймай, «Келінжан» жаңағы тек арзан күлкі емес, айтары бар дүние болды. Рухани дүниелер. Жаңа Нұрлан имамды көріп қалдыңыздар. Қазіргі қоғамда болып жатқан тренд дейді ғой, трендтердің барлығын қамтуға тырыстық. Өткенде бір көрерменім жазыпты. Арнайы барып, Келінжан түсірілген үйге барып, фотоға түсіп едік, тып-тыныш, үйінде ешкім жоқ екен. Жылап қайттым деп. Соншалықты сеніп қалғаны. Қымбат апай айтады. Бұл Гарри Потердің үйі болды ғой деп. Адамдар келіп фотоға түседі, сол үйді көреді.